Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметіне Төреахмет Сайлаубайұлы Жолымбетов тағайындалды.

Ол 1976 жылы дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «экономист-шығыстанушы, түрік тілінің аудармашысы-референті», Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы Қазақстанның Даму институтын экономикалық зерттеулер орталығының стажер-зерттеуші ретінде бастаған. 2003-2006 жылдары – Қызылорда облыстық минералдық ресурстардың энергетикалық инфрақұрылымы басқармасы-жетекші маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің бас маманы, бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Ал 2007-2014 жылдары Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы Қызылорда облыстық филиалының директорының орынбасары, «Құрылыс Базис Кызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департамент директорының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

2014-2017 жылдары бақылау және әлеуметтік комитетінің Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы қызметінде болған.

2017 жылдың наурыз айынан бастап осы кезге дейін еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Бұдан бұрын Қызылорда облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар