Қызылорда облысына «Pfaizer» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысына жақын күндері «Pfaizer» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге 17 қарашаға дейін «Pfaizer» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізіледі. Бұл бойынша барлығы 97 мың доза алынады деп жоспарланған. Алдымен екпе 17-18 жастағы жасөспірімдерге салынады. Ол үшін міндетті түрде ата-анасының келісімі алынады. Ал, жүктілігі 16-37 аптадан асқан жүкті әйелдерге де вакцина салдыруға болады.

«Соңғы күндері ауа райының тұрақсыздығына байланысты ЖРВИ, тұмау ауруларының таралуы күрт көбеюде. Тыныс алу аурулары күрт өскен жағдайда ауруханада негізгі емдеу орындарына қосымша төсек орын саны көбейіп отырады. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек орындар саны толық», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Биыл облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 19 851 жағдайы есепке алынған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда - 26,9 пайызға жоғары.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирусты бағалау матрицасында Қызылорда облысы жасыл» аймаққа өткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар