Қызылорда облысында 6 кәсіпкер «Ashyq» жобасымен жұмысын бастады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 6 кәсіпкерлік субъекті «Ashyq» жобасы аясында жұмыс жасау үшін QR кодтарын алып, тестілік режимде қызметтерін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ақпаратында мәлім етілгендей, «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы 3 компьютерлік клуб, 1 кинотеатр, 1 балалар бассейні және 1 боулинг орталығы жұмысқа кірісті.

«Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13 сәуірдегі №8 Қаулысына сәйкес бассейндер мен кинотеатрлар уақыт және сыйымдылыққа қатысты шектеумен жұмыс жасауда. Ал боулинг және компьютерлік клубтарға «Ashyq» жобасына қосылған кәсіпкерлік субъектілеріне ғана рұқсат етілген.

«Ashyq» мобильді қосымшасы, бұл қауіпсіз орта құруға, вирусты жұқтыру және таралу қаупін төмендетуге бағытталған. Сондай-ақ бизнеске карантиндік шаралар кезінде өз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», -


Соңғы жаңалықтар