Қызылорда облысында 66 нысан «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Ashyq» бағдарламасы өз нәтижесін бере бастады. Қазір өңірде 66 нысан «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған бағдарлама негізінде аймақта 11 компьютерлік клуб, 2 бассейн, 2 спа-орталық, 1 сауна, 1 боулинг орталық, 2 кинотеатр, 2 бильярд орталығы, 2 фитнес залы және 43 қоғамдық тамақтану орны халыққа қызмет көрсетеді.

Аталған жүйе облыс орталығымен қатар аудандарда да кеңінен қолданыла бастады. Атап айтқанда, бұл бойынша Шиеліде - 3, Қазалы мен Арал аудандарында бір-бір нысаннан.

«Облыста 26 сәуірден бастап «Ashyq» бағдарламасы іске қосылды. Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аталған бағдарлама бойынша кәсіпкерлік нысандар тарапынан 1 қызыл, 5 сары мәртебесіндегі адамдардың анықталғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Олар кинотеатр мен кафелерге кіргізу барысында анықталған», - деп мәлім етті ведомстводан.

Оларға қатысты қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14 күндік карантиндік оқшаулану тәртібін бұзбау туралы қаулысы шығарылды. Мұндай карантин талаптарын бұзушылық қайталанған жағдайда кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылады.

Еске салсақ, Қызылорда облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші екі-үш есеге төмендеді.



Соңғы жаңалықтар