Қызылорда облысында 74 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 74224 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірге 78600 доза вакцина жеткізілген болатын. Оның ішінде тұрғындар «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарын қабылдауға ниет білдірді.

Өткен тәулікте 1122 адам екпе қабылдаған азаматтар тізіміне енгізілді. Олардың қатарында мұғалімдер, медицина қызметкерлері, полицейлер, құқық қорғау қызметкерлері және басқа да тұрғындар бар. Жалпы алғанда, облыста 74224 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

«Айта кетерлігі, екпе қабылдаған азаматтардың 32476-ы облыс орталығында тұрса, 41748-ы-і аудандардың үлесіне тиеді. Екпе алған тұрғындар дәрігерлер бақылауында, денсаулық жағдайына шағымы жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қызылордада емдеу орындары коронавирусқа қарсы вакцинаны аптасына жеті күн бойы салады.

Бұл жұмыстар 29 сәуірден бастап жүргізілуде. Тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден түнгі сағат 00.00-ге дейін вакцина салдыра алады.


Соңғы жаңалықтар