Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Қалжанов Саламат Сағынайұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

С. Қалжанов 1964 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын Арал ауданында Орта кәсіптік техникалық училищесінде мастер болып бастаған. 2007-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық бөлімшесін басқарған.

2018 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Сүлейменов Ерқасым Жайбергенұлы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Е. Сүлейменов 1963 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Қазақстандық экономика және құқық институтын бітірген. Еңбек жолын «Қызылордаремводстрой» трестінің жұмысшысы ретінде бастаған. Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Қызылордада Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар