Қызылорда облысында биыл 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл басынан бері өңірде мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан кен өндіру өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 62,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Индустрияландыру бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылуы өңдеу өнеркәсібіне оң әсерін тигізіп келеді. Нәтижесінде сала көрсеткіші 2,6 есеге артып отыр.

«Өңірдегі бірқатар әлеуметтік салаларға инвестиция тарту көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, тамақтану бойынша қызмет көрсету 3, ақпарат және байланыс 1,7, денсаулық сақтау саласы 1,2 есеге өсті. 2023 жылға дейін облыстың экономикалық даму жоспары бекітіліп, 404 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Сондай-ақ, «Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктері» жобасы әзірленді», - деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.

Ведомство мәліметінше, өңірде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шағын несиелік мекемесі жұмысын бастап, кәсіпкерлерге жылдық үстемақы 6 пайызбен берілуде. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 6 инвестициялық жобаға инженерлік инфрақұрылым жеткізу мәселесі пысықталған.

Еске салсақ, Қызылордада тіректі елді мекендерді газға қосу қарқынды жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар