Қызылорда облысында биыл 21 жол бөлігі пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жергілікті жол желісі бойынша қолға алынған 45 жобаның 21-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2381 шақырымды құрайды. Бүгінде нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі – 70%.

Қазір облыста жөндеу жұмыстарымен 248 шақырым жол қамтылған. Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы басты көше жолының «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолымен, сондай-ақ аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» автожолымен түйіскен жерінде көлік айырығының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар «Әйтеке би – Қазалы» жолын, «Самара-Шымкент-Екпінді», «Әйтеке би-Басықара» және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» жолдарындағы көпірлерді, сондай-ақ, Есет батыр елдімекеніне кіреберісті реконструкциялау жүргізілуде.

«Аталғандармен қоса, Қызылорда облысында биыл жергілікті желінің 31 автожол жобасына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына қарай жол саласының мамандары облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 75%-ға дейін жеткізіп, қазіргі көрсеткішті 5%-ға ұлғайтуды көздеп отыр»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар