Қызылорда облысында биыл 300-ден астам адамды ит қапты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 306 адамды ит қауып алған. Жарақат алғандардың үштен бір бөлігі - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл облыста әртүрлі жануарлардың тістеуі, тырнауы, сілекейінен зардап шеккен 349 адам медициналық көмекке жүгінген.

«Жарақат алғандардың 31,2% - 14 жасқа дейінгі балалар. Мұндай оқиғалар негізінен Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласында тіркелген. Жарақат алғандардың 306 жағдайы (87,6 %) итке қатысты болып отыр. Қалғаны - мысық, жылқы, мүйізді ірі қарадан алған жарақаттар», - деді Қызылорда облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, алғашқы тоқсанда облыс тұрғындары мен жануарлар арасында жергілікті аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ.

Еске салсақ, биыл Қызылордада жіті ішек инфекциясын жұқтыру 30,5 пайызға артып отыр.



Соңғы жаңалықтар