+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 71,9 пайызы вакцина салдырды

2021 жылғы 14 қыркүйек 18:02
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 71,9 пайызы вакцина салдырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 288 029 адам алды. Бұл екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 71,9 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Қызылорда облысында суды үнемдеу технологиясына мән беріледі Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап өңірге барлығы 583 635 доза вакцина жеткізілді. Олардың 30 060-ы «QazVac-in», 64 600-і «Hayatvax», 443 975-і «Спутник - V», 23 000-ы «SinoPharm», 22 000-ы - «CoronaVac» вакцинасы.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 20 медициналық мекемеде (соның ішінде қала бойынша 11, аудандар бойынша 9) коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары үзіліссіз жүргізілуде.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 13 қыркүйегі аралығында облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны - 288 029 адамды құрады. Бұл -екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 71,9 пайызы. Ал 2 компонентімен егілгендер саны - 239 397 адам, ол 59,7 пайызды шамалап отыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жалғасбек Үсенов.

Ведомство мәліметінше, бірінші компонентпен егілгендер арасында медицина қызметкерлері - 41 568, педагогтар - 39 852, күш құрылымдарының қызметкерлері - 4 800, учаскелік полиция қызметкерлері - 1 509, мемлекеттік қызметшілер -7 285, созылмалы аурулары бар адамдар - 40 194, студенттер - 15 867, басқа контингенттер - 137 808 адамға жетті. Егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Еске салсақ, Қызылорда облысында мұғалімдердің 95%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT