Қызылорда облысында коронавируске шалдыққандар күн сайын тіркелуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивтік көрсеткіште «жасыл аймақта» тұрғанмен мамандар әлі де қауіп бар екенін айтады. Соңғы уақытта қатерлі індетке шалдыққан азаматтар күн сайын тіркелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың басынан бері 57дерек тіркелді. Тіркелген жағдайдың басым бөлігінде қарым-қатынас арқылы таралғандығы анықталды.

Соңғы тәулікте, 11 қаңтардағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының 6 дерегі анықталды. Оның 5-еуі Қызылорда қаласында, 1-еуі Жаңақорған ауданында тіркелді.

«ПТР анализдері 4 науқастан жұмысқа түсу алдындағы профилактикалық мақсаттағы тексеру кезінде алынған. Ал 1 пациент ЖРВИ симптомының болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінгсе, 1 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Талдау нәтижесі коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсетті. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының 3449 дерегі есепке алынған. Барлық тіркелген жағдайдың 55% симптоммен, 45% клиникалық белгісінсіз анықталған.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Қызылордада карантин талабын бұзған 5 нысан иесі жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар