+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қызылорда облысында көзі тірі 11 қарт майдангер тұрады

2021 жылғы 4 мамыр 22:54
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысында көзі тірі 11 қарт майдангер тұрады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі 11 қарт майдангерге облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі ардагерлерге көмек көрсетуді тапсырды Щучьедегі соғыс ардагерлерінің мемориалдық ескерткіші жаңартылды Ақтөбеліктер 101-атқыштар бригадасынан тірі қалған жалғыз ардагерді құттықтады

Өңірде қазір көзі тірі ҰОС-қа қатысушы мен мүгедегі 11 ардагер бар. Олардың әрқайсысына облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек 1 млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен біржолғы әлеуметтік көмек 116, 6 мың теңге қарастырылған.

Одан бөлек, сол кезеңде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден және медальмен марапатталған азаматтарға облыстық бюджеттен 100 мың теңгеден, аудандық/қалалық бюджеттен 87,5 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілуде.

«Сондай-ақ, екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң, қатысушылардың әйелдерiне 100 мың теңгеден, сол кезеңде тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға әрқайсысына 100 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленуде. Оларға барынша жағдай жасау мақсатында тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізілді. Тұрғын-үй жайына жөндеу қажет болған жағдайда демеушілер есебінен көмек көрсету туралы қала және аудан әкімдеріне ұсыныс жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT