Қызылорда облысында мониторингтік топтар жыл басынан бері 382 нысанға тексеру жүргізген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 3 463 дерегі есепке алынған. Облыс бойынша тіркелген деректердің басым бөлігі, 2 131 жағдай Қызылорда қаласының үлесінде.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аудандар арасында: Жаңақорған ауданында – 374 жағдай, Шиелі ауданында – 291, Сырдария ауданында – 186, Қармақшы ауданында – 162, Жалағаш ауданында – 115, Арал ауданында – 107 жағдай, Қазалы ауданында – 96 жағдай есепке алынған.

COVID-19 барлық тіркелген жағдайлардың 57,7%-і скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған, 39,9%-і қарым-қатынас арқылы жұқтырылған, 2,4%-і сырттан тасымалданған. Облыс көлемінде COVID-19-дың 2 150 ошағы анықталып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы 14 күнік медициналық бақылауға алынған.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап 26 оқушы COVID-19 ауруына шалдыққан. Оның ішінде 2 оқушы дәстүрлі форматта оқыса, қалған 24 оқушы қашықтан білім алады. Бүгінгі күні облыста дәстүрлі форматта оқитын мектептер саны-123, ал қашықтан оқытатын мектептер саны-178. Облыс бойынша жасақталған 2 598 кезекші топта 1-5 сыныптар бойынша 42 822 оқушы білім алса, 9-сыныпта 13 252 оқушы, 11-сыныпта 7 004 оқушы ІІІ тоқсаннан бастап сабақты аралас форматта оқи бастады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бері 24 мониторингтік топ 382 нысанға тексеру жүргізген, нәтижесінде 9 нысанның карантин талаптарын бұзғандығы анықталды. Оның ішінде, 6 нысан бекітілген шекті уақыттан асырып жұмыс істеген болса, 1 кафеде жанұялық топтық шара өткізілген және үй жағдайында мерекелік-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырудың 2 жағдайы анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы көлемі 652 830 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар