Қызылорда облысында «Оpen space» форматында 35 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов «Open Spase» форматындағы жұмыс істейтін бірқатар мекемелерге барды.

«Open Space» технологиясының басты мақсаты қызмет алушыларға қолайлы және кедергісіз жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Бұл халықтың мемлекеттік органдардың жұмысына деген сенімінің артуы мен екеуінің арасындағы байланысты нығайта түсіп, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерінің түбегейлі жойылуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде өңірде «Open Spase» форматында 35 мемлекеттік мекеме қызмет етуде. Мемлекеттік мекемелер қызмет барысын ашық алаңда азаматтарға кедергісіз түрлі қызмет түрін көрсетеді.

Алик Шпекбаевқа ашық форматтағы қызмет көрсету орталықтарының бірі «Үлгілі сот» жобалық кеңсенің жұмысымен облыстың бас судьясы Қамбар Нұрышев таныстырып, азаматтар осы жерден сот актілеріне шағым жасау және өтініштермен жүгіну тәртібін түсіндіру, басқа да кеңейтілген ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыратынын жеткізді.

Мұнымен қоса, 2017 жылдан бері «бір терезе» қағидасы бойынша іске асырылып келетін азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға сенім деңгейін арттыру, сапалы құқықтық қызметтер алуға болатын «Құқық қорғау қызметтері орталығына» барды.

Алик Шпекбаев «Бүгінгі мемлекеттік аппарат – ол азаматтарға кедергісіз қызмет пен жан - жақты қолдау көрсететін болуы қажет», - деді кездесу барысында.

Бүгінгі таңда аумақтық департамент пен облыс әкімдігі «Open Spase» форматына көшіру жұмыстары одан әрі жалғастырыла береді.

Соңғы жаңалықтар