Қызылорда облысында жастардың кітап оқуға қызығушылығы арта түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға «Кітап құрттары» еріктілер тобы үлкен үлес қосып келеді. Еріктілер тобының құрылғанына биыл үш жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер тобы 2019 жылғы 2 ақпанда Қызылорда қаласында өз жұмысын бастады. Алғашқы уақытта волонтерлер тобында небәрі 7 адам болды. Қазір олардың саны 100-ге жетіп отыр. Бүгінде топ құрамына Қызылорда қаласымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларының жастары тартылды. Олардың жас ерекшелігі 15-34 жас аралығын құрайды.

Біз жастардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға назар аударамыз. Осы мақсатта отырыстар көшпелі түрде өткізіледі. Қазірге дейін барлығы 44 отырыс ұйымдастырылды.

«Еріктілер тобының жеке Буккроссинг сөресі 2019 жылғы қазан айында Жастар орталығы ғимаратында орналастырылды.

Сол жылы аталған орталықта «Косплей party» ұйымдастырылды. Кешке келген жастар кітап және кинотуындылардың кейіпкерлерін сомдады. Бұл шығармашылық шара жылына бір рет дәстүрлі түрде өтетін болды. 2019 жылы еріктілер тобы Қызылорда облысында «Ең үздік жаңа бастама» номинациясымен аймақ басшысының дипломымен марапатталды», - деді «Кітап құрттары» клубының негізін қалаушы.

Осы күнге дейін көптеген интеллектуалды квестер мен сайыстар өткізіліп, айына бір рет дәстүрлі түрде «Кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылуда. Акциядан жиналған кітаптар түрлі мекемелерге сыйлыққа берілді. Осы уақытқа дейін 1 мыңға жуық кітап табысталды.


Соңғы жаңалықтар