Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі автокөліктің соқтығысып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14:00 шамасында «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бойындағы Құмкөл трассасы аумағында болған. Спринтер және пикап жеңіл автокөліктері соқтығысқан. Апат Қызылорда қаласынан 60-70 шақырым қашықтықта болған.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарлауынша, жеңіл автокөліктегі екі адам мен шағын автобус жүргізушісі көз жұмды. Үш адамның денсаулығына байланысты шағымы жоқ. Төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілсе, екеуін жедел жәрдем оқиға орнынан алып кеткен.

«Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар саласының мамандары жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Көліктердің қандай мекемеге қарасты екені нақтылануда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


Соңғы жаңалықтар