Қызылорда облысының экс-әкімі мен бірқатар лауазымды тұлғалар тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шынымен де Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес және тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді Данияр Биғайдаров.



Соңғы жаңалықтар