+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қызылорда облысының Сырдария ауданында блокпост қойылды ма

2021 жылғы 16 сәуір 00:56
Бөлісіңіз:
Қызылорда облысының Сырдария ауданында блокпост қойылды ма

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданында блокпост қойылған жоқ. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші екі-үш есеге төмендеді БҚО-да коронавирустан қайтыс болғандар бойынша мәлімет жарияланды «Ashyq» арқылы бір айда 1749 науқас анықталған

Өткен күндері WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар арасында «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпараттар таралған болатын.

Сырдария ауданы 14 сәуір күні коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енген болатын. Осыған орай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Омарованың №1 Қаулысы шықты.

«Қаулыда бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Дегенмен, Сырдария ауданында блокпостар қойылған жоқ. Ал, түрлі желілер арқылы тараған фотосуретте «Терең-өзек кен орны» деп көрсетілген. Алайда, бұл Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы Тереңөзек мұнай-кен орнына қатысты. Сондықтан «Сырдария ауданында блокпост қойылды» деген ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз», - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT