Қызылордада 200 адамдық желілік маркетинг жиыны таратылды
Қазір қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүешелері карантин талабын сақтауы бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді. Нәтижесінде 17-18 сәуір күндері мониторингтік топ мүшелері осындай келеңсізідкке жол берген 7 жағдай бойынша анықтама толтырды. Ол санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
«Мәселен, қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің жетекшілігімен 18 сәуір күні мониторинг топ карантин режимін өрескел бұзған оқиғаны анықтады. Онда желілік маркетинг өкілдері 200-ге жуық адамды жинап жиын өткізген. Бұл бойынша заңды шешім қабылдау мақсатында толтырылған анықтама тиісті орынға жолданды. Сондай-ақ, аралау барысында «Асбол», «Талғат», «Сыбаға» сауда орындарының басшыларына анықтама толтырылды. Бұған дейін онда карантин талаптарын сақтау бойынша бірнеше мәрте түсіндірме жұмыстарының жүргізілген болатын», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.
Айта кеетйік, Қызылорда облысында санитарлық талаптарды күшейту көзделіп отыр.