Қызылордада ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақпан айында 187 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың арасында 131 адам облыс орталығының тұрғындары. Одан кейінгі кезекте Шиеліде - 14, Жалағашта - 10, Арал мен Қазалыда - 9 адам инфекция жұқтырған. Ал Сырдарияда - 6, Жаңақорғанда - 5, Қармақшыда - 3 адамнан коронавирус анықталған.
«Науқастардың басым көпшілігі ауруды қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Өткен аптада тіркелген 65 жағдайдың 31-і осындай жолмен жұққан. Бұл тұрғындардың жеке сақтық шарасын, үйде оқшаулану тәртібін, карантин талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Қазіргі таңда облыста коронавирус жұқтырған азаматтардың саны 3 796 адамға жетті.
Жыл басынан бері 400-ден астам ковид-ке шалдыққан.
- Атырауда экоұрықтандыру тәсілімен бала сүюге 232 квота берілді
- Қызылордада коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды
- Байқоңырда карантин шаралары 15 наурызға дейін ұзартылды
- Чехияда балалар арасында коронавирустың оңтүстік-африкалық штамы таралып жатыр
-
Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады
-
Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында 33 медицина қызметкері марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам