Қызылордада аурухана компьютер клавиатурасын 4 есе қымбатқа сатып алған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада аурухана компьютер клавиатурасын 4 есе қымбат бағаға сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Сырдария аудандық орталық ауруханасы сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алу бағасын шамадан тыс көтерген. Мекеме орны кейбір тауар бағасын нарық бағасынан 1,5-4 есеге дейін асырып жіберген.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті белсенділермен бірлесіп, «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасы аясында арнайы іс-шара жүргізді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктерді анықтады.

«Мониторинг барысында Сырдария аудандық орталық аурухана сатып алынатын кейбір тауарлар бағасын нарық бағасынан 1,5-4 есеге дейін асырып көрсеткені белгілі болды. Аталған келісімшарт негізінде алынған тауарларды зерделей келе, алынған тауарлардың ішінде көзге түсетіні, дербес компьютерге қажетті пернетақтаны 52 мың теңгеге сатып алған. Айта кету керек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы дербес компьютерге қажетті клавиатураны 8 482,14 теңгеге сатып алып отыр. Негізінен, дербес компьютерге арналған сапалы пернетақтаның нарық бағасы шамамен 5-1 5 мың теңге тұрады. Аталған деректер бойынша облыстық денсаулық сақтау бағаны асырған тұлғалардың жауапкершілігі қарауға ұсыныс берілді», - деп мәлім етті департаменті мамандары.

Соңғы жаңалықтар