Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 мамырда сағат 12.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде болды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне хабар келіп түскен.

«Тексеру барысында көше бойында автокөлік пен мотоцикл соқтығысқаны анықталды. Соның салдарынан 1 адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта 2 көлік те айып алаңына қойылды. Жан-жақты тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын қызылордалық ұрлаған көлігімен жол жиегінде аударылып қалды.


Соңғы жаңалықтар