Қызылордада әйел адам коронавирус жұқтыру туралы жалған ақпарат таратқан

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыс тұрғынының коронавирус жұқтыру оқиғасы туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан 62 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желі арқылы аймақта коронавирус жұқтырғандар бар деп жалған ақпарат таратқан екі әйел қазір қамауға алынған. Оның бірінің жасы 62-де болса, екіншісі 32-де. Кінәлілер өз қатесін толық мойындап, өкініш білдірген. Қылмыстық кодекстің 274-бабы, 4-тармағына сәйкес (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Тексерілмеген ақпаратты таратпау туралы көптеген ескертуге қарамастан, полиция тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызған жалған ақпарат таратқан екі адамды анықтады», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетсек, Қызылорда облыстық прокуратурасы өңірде COVID-19 инфекциясынан емделіп жатқан тұлғалар бар екендігі туралы ақпаратттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар