Қызылордада азық-түлік бағасы бақылауда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында тиісті шаралар күнделікті жасалып келеді. Осы мақсатта мамандар тарапынан мониторинг үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде қала аумағында халыққа арзандатылған бағада азық-түлік өнімдерін ұсынатын 30 әлеуметтік дүкен бар. Оған қоса 300-ден астам тауар түрін халыққа қолжетімді бағада сататын «Әлеуметтік маркет» көпшілікке қызмет көрсетеді. Тағы бір айта кетерлігі, ірі сауда орындарында нарық бағасынан 10-15 пайызға төмендетілген өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік сөрелер орналастырылған.

«Қызылорда қаласында нан бағасы тұрақты. Өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған ұн наубайханаларға төмен бағада беріледі. Қазір бөлке нанның орташа бағасы 62,5 теңгені құрайды. Нан әлеуметтік дүкендерде 55 теңгеден сатылуда. 21 шілдедегі ақпаратқа сәйкес тұрақтандыру қорында 3050,0 тонна өнім бар. Оның ішінде қант - 175,5, 1 сортты ұн - 2023,75, рожки -145,9, сұйық май - 127,8, қырыққабат - 0,01, күріш - 426,8, тұз -17, қарақұмық - 9,1 тоннаны құрайды. Ал жұмыртқа - 1, 5 млн дананы шамаласа, сиыр еті - 33,8, құс еті - 46,7, сүт - 38,5, картоп - 5,5 тоннаны құрайды», - деді Қызылорда қаласы әкімінің бапасөз хатшысы Балгүл Мәмен.

Оның айтуынша, ет өнімдерін тұрақтандыру мақсатында «Б.Рсалиев» шаруа қожалығымен келісім-шарт жасалған. Сол бойынша қаланың 6 аумағында орналасқан жеке сауда орындарында сиыр еті 1600 теңгеден сатылуда. Алдағы уақытта шаруашылық ет сату орындарын көбейтуді жоспарлап отыр.

Бұдан бұрын Қызылорда теміржол ауруханасына демеушілер қаржысына алынған тыныс алу аппараты табысталды.


Соңғы жаңалықтар