+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Қызылордада балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданады

2020 жылғы 30 қазан 20:52
Бөлісіңіз:
Қызылордада балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы жүзеге асатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аталмыш бағдарлама Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бірнеше бағыттан тұрады.

Атап айтқанда, олардың қатарында тұрақты сумен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау, инфрақұрылымды құру, балық ресурстарын қорғау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, саланы ғылыми сүйемелдеу және кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар бар.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында аймақта балық шаруашылығын дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды. Облыс аумағында балық ауланатын Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі және 207 көл бар. Оны өңдеумен және экспорт шығарумен айналысатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істеуде. Олардың жылдық қуаты – 12,5 мың тонна. Ғылыми ұйымдардың зерттеуіне сәйкес облыстағы 207 көлдің 95-сі тауарлы балық өсіруге қолайлы. Сондықтан 2030 жылға қарай өңірде тауарлы балық өсіруді 5 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Бағдарламаны іске асыру үшін 30,6 млрд теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, балық шаруашылығын қолдау мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 2021 жылы облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінеді.

«2030 жылға дейін 4 шарбақтық балық өсіру шаруашылығы құрылады. Оған қоса тауарлық балық өсіретін 10 тоған шаруашылығы соғылады және 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылады. Көл-тауарлы су айдындары саны 55-ке жетеді. Құрама жем зауытында тәулігіне 80 тонна жем өндіріледі. Пластикалық қайық шығаратын цех салынып, Қамыстыбас балық питомнигін қайта жаңғыртылады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында 45 көлге электр жүйесін жеткізу және 49 дана гидротехникалық қондырғылар орнатылады», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.

Алдағы уақытта «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» облыс әкімдігінің қаулысын әзірленеді. Айта кетейік, Қызылорда облысы еліміз бойынша алғашқы болып балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлеп, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен келісім алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT