Қызылордада белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлікпен айналысуда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік саласында еңбек етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемия шектеулеріне қарамастан өңірде кәсіп ашуға ниетті азаматтар саны артып келеді. Бұл бойынша облыс еліміз бойынша үздік үштікке енді. Сондай-ақ, облыстағы экономикалық белсенді халықтың үштен бірі кәсіпкерлік бағытта жұмыспен қамтылған. Аталған өсім 9,1 пайызды құрап, аймақтар арасында ІІ орынға көтерілді.

«Кәсіпкерлік субьектілер санының ұлғаюына мемлекеттік қолдау шаралары әсер етті. Мәселен, 9 ай ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 20,8 млрд. теңгені құрайтын 1360 жоба қолдау тапса, 813 жоба 5,1 млрд.теңгеге кепілдендірілді. Мұнан бөлек, қаржы ұйымдарымен кәсіпкерлердің 615 жобасына 2 млрд.теңге көлемінде шағын несие берілді. Оның ішінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығымен 14 кәсіпкерге 2 пайызбен 348 млн. теңгеге қаржыландырылды. Мұндай қолдауларды келесі жылы да іске асырамыз»,-деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов.

Басқарма басшысының айтуынша, сауда және туризм саласында да ілгерілеу бар. Жалпы сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 2, ал келуші туристер саны 46 пайызға, көрсетілген қызметтер көлемі 58 пайызға артқан.

Жағымды жаңалық келер жылдан бастап туризм саласында жаңа мемлекеттік қызметтер, яғни автокөлік құралдарын сатып алу, туризм нысандарын салу, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындарының бір бөлігін субсидиялау арқылы өтеу механизмі енеді.

Еске салсақ, Қызылордада жыл басынан бері өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд теңгенің өнімін өндірді.


Соңғы жаңалықтар