Қызылордада бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова мәлім етті.

Бүгінде аймақта коронавирус инфекциясымен 3 285 адам тіркелген. Соңғы аптада облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 дерегі анықталды. Аурудың жоғары көрсеткіші 20-69 жас аралығындағы азаматтар арасында жиі тіркеліп отыр.

«Бұл бағытта талдау жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясы бойынша тіркелген жағдайдың 69-ы сырттан тасымалданғаны белгілі болды. Сондай-ақ, 1 301 адам қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Ал скрининг арқылы 1 915 адам анықталды. Айта кетерлігі, әлі де жастар арасында ойын-сауық басқосуы байқалады. Карантин режиміне қарамастан үлкен кісілер ас беру, үйдегі той, беташар секілді көпшілік іс-шараларына баруы тыйылмай тұр», - деді Әлия Әбдіқайымова.

Мониторинг тобының мүшелері карантиннің сақталуын күнделікті бақылауда ұстап отыр. Халыққа қызмет көрсету орындарында карантин талабы қатаң сақталуы тиіс. Кемшілікке жол берген нысан әкімшілігі жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылордада қашықтан білім алып жатқан 2 оқушыдан коронавирус анықталды


Соңғы жаңалықтар