Қызылордада бір аулада тұрған үш көлік өртенді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында бір аулада тұрған үш көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығының «Арай» шағынауданындағы тұрғын үйдің ауласында болды. Алдымен «Daewoo Nexia» жеңіл автокөлігі толығымен жанған. Содан кейін жалын «MG3 Xross» автокөлігі мен «ВАЗ-21099-ды шарпыған.

«Өртті сөндіруге Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мекемелерден 10 қызметкер 3 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнына жол полициясы, жедел жәрдем қызметі мамандары келді. Өрт толығымен жойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұған дейін Қызылорда облысында жанармай сақтайтын қойма өртенгендігі хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар