+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды

2021 жылғы 21 шілде 17:30
Бөлісіңіз:
Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдікті ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екендігі анықталды Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Мәлім болғанындай, оқиға 20 шілдеде сағат 21.00 шамасында болған. Бектұрғанов көшесі бойындағы көп қабатты үйдің маңында ер адам бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасауға тырысқан.

«Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Кінәлі адам анықталды. Оның іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Департаменттің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді.

Қылмыстық істің тергеп-тексерілуі Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауына алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT