+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

2019 жылғы 20 шілде 17:49
Бөлісіңіз:
Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бюджет қаражатын қымқырған екі балабақша меңгерушісі бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада ЖШС директоры театрды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деп күдіктелуде Бас прокуратура: Екі жылда 66 млрд теңге жымқырылған БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған аудандық бөлім қызметкері сотталды

Биылғы жарты жылда «Балапан» бағдарламасы аясында балабақшаларда бюджет қаражатын жымқыруға қатысты 4 қылмыстық іс тергелді. Бұл жөнінде Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Нәтижесінде екі балабақша меңгерушісі бас бостандығынан айырылды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Онда алаяқтығы, яғни алдау арқылы немесе сенімді пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру жағдайы көрсетілген. Қыруар қаржыны қолды еткендердің әрқайсысына бас пайдасына жаратқан 1 млн 945 мың және 2 млн 975 мың теңге көлеміндегі ақшаны бюджетке қайтару міндеттелді», - деп хабарлады Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі.

Мұнан басқа екі балабақша басшысына қатысты іс сот қаулысымен шектелді. Яғни, келтірілген зиян толық қалпына келтірілді. Нәтижесінде іс өндірістен қысқартылды. Олардың бірі 1 млн 146 мың теңге, екіншісі 3 млн 902 мың теңгені бюджетке қайтарған.

Қазына қаржысын қымқыру үшін олар әр балаға ай сайын бюджеттен бөлінетін 24390 теңгені алу мақсатында жалған құжат жасаған. Балабақшаға келмеген балаларды да тізімге қосып, оны білім бөліміне өткізіп отырған. Тіпті бір баланың балабақшаның бірнеше тобының тізімінде болу дерегі кездесті.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері былтыр және 2019 жылдың 6 айында «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бюджетке залал келтірудің 26 дерегін анықтаған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 80 млн теңгеден асып жығылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT