Қызылордада есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған 2019 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған қылмыс жағдайы көрсетілген.

Күдікті осы уақытқа дейін бой тасалап жүрген.

«Жедел уәкілдер оны қала аумағындағы үйлердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.


Соңғы жаңалықтар