+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада газ баллоны жарылып, ерлі-зайыптыларды күйік шалды

2019 жылғы 20 қараша 22:56
Бөлісіңіз:
Қызылордада газ баллоны жарылып, ерлі-зайыптыларды күйік шалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да орманнан шыққан өрт ауылға кірді, адамдар эвакуацияланды Шығыс Қазақстанда 80 жастағы зейнеткер өрттен көз жұмды Батыс Қазақстанда орман алқабы отқа оранды

Ведомство ақпаратына қарағанда, 20 қараша күні сағат 18-37-де өртке қарсы қызмет пультіне Қызылорда қаласының Бәйтерек шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары газ баллонының редукторындағы ақау салдарынан жарылыс орын алып, үйдің қабырғасы құлап, өрт тұтанған.

«Өрт сөндірушілер қызыл жалын ошағынан 2 газ баллонын алып шықты. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 20-34-те өрттің алды алынып, сағат 20-43-те сөндірілді. Өрт аумағы 120 шаршы метрді құрайды. 1993 жылы дүниеге келген үй қожайыны мен оның 1995 жылы дүниеге келген жұбайы күйік шалғандықтан ауруханаға жеткізілді», - деп атап өтеді комитеттен.

Таратылған мәліметке сәйкес, қызыл жалынмен күреске Қызылорда облыстық ТЖД жеке құрамының 14 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT