Қызылордада қарақұйрық атып алған браконьерлер ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қарақұйрық атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызылорда облысының аумағында 13 қыркүйекте сағат 23:30-да РМҚК «ӨБ Охотзоопром» инспекторлары ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде 16 калибрлі мылтық, атылған екі толай қоян және қарақұйрық табылды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодектсің 337-бабымен қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар