Қызылордада карантин талабын бұзғандар анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері карантин талабын бұзған 4 жағдай анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың 2-еуі Қызылорда қаласында, қалғаны Шиелі және Қазалы аудандарында тіркелген. Барлығында кафе иелерінің шекті уақытты сақтамай, карантин режимін бұзғаны анықталды.

«Бұл жағдайлар 4 қаңтарға дейін тіркелген. Одан бергі үш күнде мұндай келеңсіздіктер болған жоқ. Оларға 444 мың теңгеден астам айыппұл салынды», - деді Қызылорда облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Қызылорда облысында 2020 жылы карантин талабын бұзған 900-ден астам дерек тіркелген. Олардың 543-і той жасауға қатысты болған. Өңірде бұл мақсатта арнайы құрылған 24 мобильді топ жұмыс жасауда.

Естеріңізге сала кетелік, қазірге дейін Қызылорда облысында 3425 адам коронавирус жұқтырған . Олардың 3343-і ауруынан жазылып шықты.

Соңғы жаңалықтар