Қызылордада қатты желден тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұмылдыру басқармасының мәліметінше бұл оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылында орын алған. Ауылдағы №161 орта мектептің шатыры 150 шаршы метр аумақта бүлінген. Бұл жағдай кеше кешкісін орын алған.

«Оқиға орнына мамандар арнайы техникамен барып көрді. Қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті ведомстводан.

Соңғы екі күнде Қызылорда облысында қатты жел соғып тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 25 наурызда секундына 15-28 метрге дейін жел соғатынын хабарлады.

Сондай-ақ, кеше Қызылорда қаласындағы университет ғимаратының шатыры ұшып кетті .

Қатты желдің әсерінен Қызылорда облысында бір мектептің шатыры ұшып кетті. Электр бағанасы құлап, бірнеше ауыл жарықсыз қалды .


Соңғы жаңалықтар