Қызылордада қорадан 300 түк шөп ұрланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үйде адамның жоқтығын пайдаланып 300 түк шөпті ұрлап кеткен 47 жастағы тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған азаматша 16-22 ақпан күндері аралығында үйінде ешкім болмағанын айтып, белгісіз біреулер ұрлық жасағанын айтқан. Үйге пластик терезе арқылы кіріп, су моторы және қорасынан 300 дана престелген шөбін алып кеткен.

«Жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде полицейлер 47 жастағы ауыл тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол азаматтың мотор мен престелген шөпті көлігіне тиеп алып кеткендігі анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 - бабының 3-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада су каналынан 3 млн теңгенің шлюздары ұрланды.


Соңғы жаңалықтар