Қызылордада күн электр станциясы іске қосылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында күннен қуат алатын электр станциясы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқоңыр Солар» электр станциясы сағатына 50 мВт дейін баламалы қуат бере алады. Шиелі ауданындағы аталмыш жобаның құны – 23 млрд теңге. Нысанның жалпы ауданы – 150 гектар. Мамандардың айтуынша, күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы. Және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жобаның тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Электр станциясының іске қосылуы еліміздегі жаңартылған энергия көздерінің үлесін арттыру, «жасыл» технологияларға көшу бағытында жасалған зор қадам деп білу керек. Ендеше, болашақта аймақ тұрғындары баламалы энергия көздерін тұтыну деңгейін одан әрі дамыта беретініне сенімдімін», - деді аймақ әкімі.

Сонымен қатар, жаңа жобаның іске асуы арқасында 23 адам тұрақты еңбекпен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар