Қызылордада мал іздеуге шығып адасып кеткен жігіт табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал іздеуге шыққан жігіт жолдан жаңылып адасып кетті. Жергілікті құтқарушылар оны ауылдан 22 шақырым қашықтықтан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен елді мекенінде болды. Ауыл тұрғыны 6 қазанда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, содан үйіне қайта оралмаған. Бұл жөнінде ағасы Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына хабарлады.

«​Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен 1 автотехникасы жедел іздестіру шарасына кірісті. Қаракеткен елді мекенінен 22 шақырым қашықтықта орналасқан «Құлжан» фазендасынан жас жігітті тапты. Анықталғандай, ол мал іздеуге шығып, жолдан белгісіз бағытқа қарай кеткен.

Мәлім болғанындай, оқиға орнында аудандық полиция қызметінің 10 полицейі 3 автотехникамен іздестіру шараларына атсалысты.


Соңғы жаңалықтар