00:40, 24 Қараша 2020 | GMT +6
Қызылордада мал ұрлаған 51 жастағы тұрғын қолға түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жайылымнан мал ұрлаған 51 жастағы тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны арыз түсірді. Ол Абай ауылының мал жайылымынан 7 қойы мен 4 ешкісін ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
«Аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел әрекет етті. Нәтижесінде мал ұрлады деген күдікке ілінген 51 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспссөз қызметі.
Сондай-ақ, Қызылордада бейнебақылау камерасының көмегімен 92 қылмыстың беті ашылды.