Қызылордада мас күйінде қаруды заңсыз алып жүрген тұрғын қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мас күйінде қаруды заңсыз алып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала көшелерінің бірінде ішімдік ішіп алған ер аадам жүргендігі туралы хабарлама түсті. Сол бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.

Полицейлер онда мас күйде шолақ мылтық ұстап жүрген ер адамды ұстады. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

«Қару 16-калибрлі тегіс қос ұңғылы, аңшы мылтығы екендігі анықталды. Бұл азамат зауыттық тәсілмен дайындалған аңшы мылтығын кесіп, қолдан шолақ мылтық жасаған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру жағдайы көрсетілген. Полицейлер ұсталған тұрғынның қаруды қайдан алғандығын тексеруде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды.


Соңғы жаңалықтар