+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қызылордада мониторинг тобы 2 үйлену тойын тоқтатты

2021 жылғы 15 сәуір 16:43
Бөлісіңіз:
Қызылордада мониторинг тобы 2 үйлену тойын тоқтатты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада карантин талабы сақталуын қадағалайтын мониторинг топ мүшелері үйлену тойын жасаған 2 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады Маңғыстау облысында түлектер кешін ашық алаңда ұйымдастыруға рұқсат Жаңа қаулы: Әуежай мен теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгерді

Мониторинг топ мүшелері жыл басынан бері 58 рейд жүргізді. Нәтижесінде 2 536 нысан қамтылып, онда 163 карантин талабын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 83-і халыққа қызмет көрсету нысандарында тіркелсе, 45-і үйде өткізілген көпшілік іс-шаралар саналады. Сондай-ақ, білім беру нысандарында - 30, медициналық мекемелерде - 3 карантин талабын бұзу тіркелген.

«Мониторинг топ мүшелері Жалағаш ауданының орталығында 2 үйлену тойын тоқтатты. Ал Жаңақорған ауданында 3 отбасылық шара ұйымдастырылған. Анықталған деректер негізінде бүгінгі күнге дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен жалпы сомасы 13 753 655 теңгеге айыппұл салынды. Бұл бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерге қатысты - 16, лауазымдық тұлғаға - 5, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға -98 хаттама толтырылған. Қалғаны нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты болып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT