Қызылордада мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту мәселесі талқыланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан коммунистік партиясы Қызылорда облыстық филиалында тұрғын үй мен жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесіне байланысты қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір елімізде тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету - өзекті тақырыптың бірі. Партияның облыстық филиалы осы мақсатта жергілікті басшылыққа өз жобасын ұсынып отыр.

«Айта кету керек, елімізде тұрғын үйге мұқтаж отбасылар аз емес. Мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік жағынан төмен топтарына қолдау жасалып келеді. Қазақстанда жыл сайын қаншама көп қабатты тұрғын үй бой көтереді. Десе де әлі де халықты баспанамен қамту мәселесі өз деңгейінде шешімін таба қойған жоқ. Сондықтан облыстық филиал жергілікті басшылыққа осы орайда өз ұсынысын жеткізген болатын. Негізінде мұқтаж отбасыларға арендалық негізде пәтерді тек жаңадан салынған үйлерден беруге назар аударылады», - дейді Қазақстан коммунистік партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Телеубаев.


Оның айтуынша, қазір арендаға берілетін пәтерлердің бағасы кей отбасыларға арзанға түспейді. Бастапқы жарна төлеу мәселесі де оңай емес.

«Сол себепті біз ондай пәтерлерді бұрын пайдаланылған көпқабатты үйлерден де беру мәселесін көтердік. Бұл баспана бағасының арзандауына әсерін тигізеді. Сондай-ақ, біздің ұсынысымыз қолдау тапқан жағдайда оған қол жеткізетін отбасылар саны артар еді», - дейді филиал төрағасы.



Соңғы жаңалықтар