Қызылордада суға ағып кеткен баланы іздестіруге 53 адам жұмылдырылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 23 мамырда суға ағып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары әзірге нәтиже берер емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, 23 мамырда Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі каналға шомылған үшінші сынып оқушысы суға ағып кеткен. Оқыс оқиға жергілікті уақытпен сағат 18.00 шамасында болды.

«Суға батып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұған 53 адам жұмылдырылды. Қалалық өрт сөндіру қызметінің мамандары каналдың екі жағын жер бетімен іздестіруде. Сондай-ақ, судан құтқару жасағының мамандары судың астында іздеу шараларын қолға алды. Канал бойында орналасқан екі көпір астына ау қойылған. Судың ағысы қатты. Оқиға орнында штаб құрылып, оған бүкіл ақпарат жиналуда», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов.


Соңғы жаңалықтар