Қызылордада төрт жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көпқабатты үйдің үшінші қабатынан төрт жастағы бала құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Желтоқсан көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды. Үшінші қабаттан төрт жастағы сәби құлап кетті.

«Негізінен, мұндай жағдай бала қадағалаусыз қалуы себепті болады. Салдарынан былтыр 10 бала терезе және балконнан құлап кеткен. Оның 2-еуі көз жұмды. Биыл мұндай бір жағдай тіркеліп отыр. Мұндай оқиғаның туындауына ата-ананың баланы бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы себепші. Кейбір азаматтар балалардың терезе алдында ойнауына назар аудара бермейді», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен

Ведомство мәліметінше, қаладағы көпбалалы және жалғызбасты 7 отбасыға 10 шектеу құрылғысы (блокиратор) орнатылды. Оған «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалы демеушілік көрсетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жаңақорғанда қатты жел 5 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті.



Соңғы жаңалықтар