Қызылордада туған күнді тойлаған аудан әкімдігінің қызметкерлері жазаланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында аудан әкімдігінің 4 қызметкері карантин кезінде туған күнді тойлағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Шиелі ауданы әкімдігінің 4 қызметкерінің тәртіптік ісі қаралды. Бұдан бұрын әлеуметтік желі беттерінде олардың туған күнді тойлап жатқаны жөнінде бейнежазба жарияланған болатын.

«Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері карантиндік шектеулерді сақтамай тиісті талаптарды бұзғаны үшін олар тиісті тәртіптік жазаға тартылды. Атап айтқанда, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысына «сөгіс» берілді. Ал аудан әкімі аппаратының бас маманы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары және аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылданды», - деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бағдат Әбдіқадыров.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында карантин тәртібін бұзған ауыл әкімі жазаланды.

https://kaz.inform.kz/news/kyzylorda-oblysynda-karantin-tartibin-buzgan-auyl-akimi-zhazalandy_a3690212.


Соңғы жаңалықтар