Қызылордада ұстаздарға коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада өз еркімен өтініш білдірген ұстаздарға коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ереже бойынша алдымен әрқайсысының денсаулығы тексеріледі. Содан кейін екпе салынған соң жарты сағат бойы дәрігер бақылауында болды.

«Екпе алғаныма 15-20 минуттай өтті. Ешқандай кері әсерін сезініп отырған жоқпын, Кәдімгі қалыпты жағдайдамын. Бұдан қорқудың ешқандай қажеті жоқ. Біздер білім ошағында жұмыс істейміз. Алдыңғы кезекте екпе салдырғанымыз дұрыс», - дейді Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей директорының орынбасары Айжан Әлімова.

Облысқа коронавирус инфекциясына қарсы егілетін 6200 дана «Спутник V» дозасы келді.

Оның 3600-і бірінші компонентте, 2600-і екінші компонентте егіледі.

Екінші кезеңде екпе вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары сала қызметкерлеріне егіледі.

Айта кетейік, вакциналау екі кезең бойынша өтеді. Яғни, алғашқы компонентін алған адамға 21 күннен кейін екінші дозасы салынады.

Бұдан бұрын Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталатыны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар