Қызылордада волейболдан ел біріншілігінің екінші туры аяқталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында ел біріншілігінің екінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігіне Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарының командасы қатысты.

Жарыста барлық санитарлық талап сақталды. Ойындар жанкүйерсіз өткізілді.

Екінші турда Батыс Қазақстан облысынан келген «Жайық» және ақтөбелік «Ақтөбе» командалары жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бұл командалар бес кездесуде жеңіске жетіп, турнир кестесінде алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр. Екінші турда төрт мәрте жеңіске жеткен Шымкент қаласының «Динамо-Қазығұрт» клубы үздік үштікті түйіндеді.

Одан кейінгі орындарда Қызылорданың «Қайсар», Алматы облысының «Жетісу-жастар». түркістандық «Динамо-Тұран», қостанайлық «ЧелГУ-Қостанай» командалары келеді. Соңғы орындарда алматылық «ҚазНАУ» және қарағандылық «Қарағанды» командалары келеді.

Жоғарғы лига командалары арасындағы жарыстың 1-туры қараша айында Орал қаласында өткізілген болатын.

Қалған үш туры келесі жылдың ақпан, наурыз және сәуір айларында өтеді.



Соңғы жаңалықтар