Қызылордада волонтерлер мұқтаж отбасыларға үшінші баспана салып жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында еріктілер үшінші жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасына тұрғын үй салып беру ісін қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл істі «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының еріктілер тобы қолға алып отыр. Осылайша олар баспанаға мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып келеді. Бұған дейін еріктілер қазақ халқының асар әдісін жаңғырту арқылы екі баспана салып, оны жағдайы төмен екі отбасына тарту етті . Атап айтқанда, алғашқы жылы жалғызбасты ана Ақзила Исамаметоваға баспана берілсе, былтыр жаңа тұрғын үй кілтіне екінші топ мүгедегі, жалғызбасты ана Анар Беласарова ие болды.

«Айта кетерлігі, біздің бұл ісіміз аудан тұрғындары тарапынан кеңінен қолдау тауып отыр. Асар әдісі арқылы әрбір азамат өзінің қолында бар дүниені баспана салуға әкеп береді. Бұл орайда жергілікті тұрғындардың ерекше белсенділігін айта кеткеніміз абзал. Әрбір баспананы салу барысында еріктілер тобының мүшесі Данияр Досантаевтың еңбегі ерекше. Ол іргетастың қаланған сәтінен тұрғын үй салынып біткенше істің басы-қасында жүрді. Қоғамдық қор төрағасы Еркінбек Айнақожаев және өзге де жігіттердің жанашырлығы арқасында осылайша жылма-жыл мұқтаж жандарға тұрғын үй салу ісі жолға қойылды», - деді еріктілер тобының мүшесі Әбдісамат Әбдіш.


Соңғы жаңалықтар