Қызылордада Жаңа жыл түні 13 сәби дүниеге келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Жаңа жыл түні 13 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Басқарманың мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 8-і ұл, 5-уі қыз бала.

«Өңірде 31-і желтоқсан күнгі сағат 08.00-ден 1 қаңтар сағат 08.00-ге дейін барлығы 68 нәресте дүние есігін ашты. Олардың 35-і ұл, 33-і қыз бала. Бүгінде босанған барлық ана мен нәрестенің жағдайы қалыпты, олар дәрігерлер бақылауында», - деп мәлім етті басқармадан.

Еске сала кетсек, Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы орталығының хабарлауынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған күні елімізде 363 сәби жарық дүние есігін ашты. «363 сәбидің 185-і – ұл бала болса, 177-і – қыз бала. Сәбилердің өмірге келуі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл облыста 59 сәби дүниеге келген», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар