Қызылордада жастарға Қорқыт ата мұрасы насихатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қорқыт мұрасы - түркі руханиятының темірқазығы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Серікбай Қосанов және тарихшы мұғалімдер, жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар түркі халқына ортақ тұлға - Қорқыт мұрасын насихаттау мәселесіне назар аударды. Аталмыш шара барысында Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгендігі айтылды. Бұл орайда Сыр ғалымдарының зерттеу еңбектері мен нақты дәлел-дәйектері халықаралық ұйымның арнайы комиссиясына ұсынылған.

«Тарихи деректерде Қорқыт ата қобызға алғаш тіл бітіргені айтылады. Сол арқылы абыз жаһандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен. Бабадан балаға мирас болған ұлттық өнердің атасы - Қорқыт ата мұрасы ұрпақ тәрбиелеуде үлкен маңызға ие», - деді облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Серікбай Қосанов.

Бұдан бұрын Қызылордадағы көркемсурет галереясы жаңа туындылармен толықты.

Соңғы жаңалықтар